Ол бұл ойында Черчесовтің тапсырмасын орындай алмағанын айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Словенияға қарсы Ұлттар лигасының топтық кезеңінде өткен матчтағы жеңіліс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Ойын Любляна қаласында өтіп, Станислав Черчесовтің шәкірттері 0:3 есебімен жеңіліске ұшырады.
"Мен бұл ойынды қалай түсіндіру керегін білмеймін. Біз өзімізден мүлде басқа ойын күткен едік. Жаттықтырушының тапсырмаларын орындай алмадық. Мұндай жеңілісті қабылдау қиын. Өзімізден қателіктер іздеуіміз керек деп ойлаймын. Бұл ойынды талдап, өзімізбен жұмыс істеу қажет. Бүгін біз қарапайым сәттерде көп қателік жібердік, ал қарсылас сол қателіктеріміз үшін жазалады", – деді Рамазан Оразов.
Келесі кездесу 10 қазанда Аустрияға қарсы өтеді. Қазақстан құрамасы бұл матчты сырт алаңда өткізеді.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)