Нұрбек Оралбай күміс жүлдемен елге оралды Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Қазақстандық боксшыны жақындары мен қала тұрғындары қарсы алды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елге оралды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Жеңімпазды Астана халықаралық әуежайында бір топ қауым қарсы алды. 

«Қолдауларыңызға рахмет! Өкінішке қарай, екінші орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келген. Қазақ елін қуантып, Әнұранды шырқатқым келген еді. Келесі Олимпиадада бар күшімді салып, елге абыроймен оралып, қазақ елін қуантам деп ойлаймын. Баршаңызға рақмет!» - деді Нұрбек.