"Қайрат" қақпашысына Ресейден көз тігіп отыр fckairat.com. Суретте: қақпашы Вадим Ульянов

«Қайрат» қақпашысы Ресейге ауысуы мүмкін

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Вадим Ульянов Ресейде мансабын жалғастыруы мүмкін, деп Dopmedia.kz тілшісі Scout in Eurasia-ға сілтеме жасап хабарлайды..

Дереккөздің мәліметінше, Вадим Ульяновқа ресейлік клубтар қызығушылық танытып отыр. Махачкала қаласының "Динамо" және "Химки" командалары қақпашымен келісімшарт жасауға дайын екендігін білдірген.

Вадим Ульянов 2022 жылдың ақпан айында Алматыға ауысып келген болатын. Ол Балашиха қаласының "Керамика" клубының түлегі. Бұған дейін ол Мәскеудің "Строгино" және "Қайрат-Мәскеу" командаларында өнер көрсеткен. 2024 жылдың мамыр айында Ульянов 474 минут бойы қақпасына гол жібермей, маусымның рекордын орнатқан еді.