АТР рейтингі өзгерді: қазақстандықтар тізімінің қай сатысында тұр? Reuters.com. Суретте: теннисші Александр Бублик

Ахмет Қанатұлы

12 тамыз, 2024

117

Жаңартылған рейтингте қазақстандық теннисшілердің орындары қандай?

ATP рейтингі жаңартылып, спортшылардың жеке және жұптық разрядтардағы орындары жарияланды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Жаңартылған рейтинг бойынша, италиялық Янник Синнер жеке разрядта бірінші орында қала берді. Сербиялық Новак Джокович екінші орынды сақтап қалса, испаниялық Карлос Алькарас үшінші орынға ие болды.

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик 25-орында қалды. Александр Шевченко екі сатыға төмендеп, 60-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин 121-орнын сақтап қалса, Денис Евсеев үш сатыға төмендеп, 184-орынға түсті. Дмитрий Попко 187-орында, ал Тимофей Скатов бір сатыға төмендеп, 192-орынды иеленді.

Жұптық разрядта рейтингтің алғашқы орнын әлі де испаниялық Марсель Гранольерс пен аргентиналық Орасио Себальос бөлісіп тұр, ал үшінші орында аустралиялық Мэттью Эбден орналасқан.

Қазақстандық теннисшілер арасынан Александр Недовесов 59-орыннан 57-орынға көтерілді. Бублик 15 сатыға бірден жоғарылап, 118-орынға ие болды. Андрей Голубев керісінше, 14 орынға төмендеп, 162-орынды иеленді.