Чемпиондар Лигасы: «Ордабасы» кіммен бақ сынасады? fc_ordabasy

Қазақстандықтар Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Ордабасы» футбол клубының алғашқы ойынын QazSport арнасынан тамашалай алады,-деп хабарлайды dopmedia.kz

Біздің жігіттер Шымкент қаласының Орталық стадионында 10 шілде күні молдовалық “Петрокубқа” қарсы бақ сынасады. Қарымта ойын 17 шілде күні Кишеневта өтеді. 

Еске сала кетейік, “Ордабасы” - “Петрокуб” матчы жеңімпазының келесі қарсыласы кипрлық “АПОЭЛ” клубы болады.