ҚФФ президенті өңірдегі футбол саласының даму барысын біліп қайтты
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұлов "Алаң" жобасы аясында Маңғыстау өңіріне арнайы келді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Маңғыстаудағы футбол алаңдарының, өңірдегі футбол саласының даму барысын біліп қайтты.
"Маңғыстау еліне келіп, футболдың жағдайын бақыладық. Мұнда балалар турниріне қатысып, белсенділерді марапаттадық. Ақтаудағы жасыл алаңдардың сапасын қарадық. "Алаң" жобасы аясында бір жасыл алаңды осы қалада міндетті түрде саламыз. Өңірдегі алаңдар саны көп болуы тиіс", – деді Әділет Барменқұлов.
Сондай-ақ ҚФФ президенті осы аймақтағы футбол турниріне қатысып, жасөспірім балаларды марапаттады.
"Алаң" жобасының мақсаты – футбол инфрақұрылымының сапасын арттыру және бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.
Айта кетуіміз керек, аталмыш жоба аясында Алматы, Ақтөбе, Шымкент қаласы мен Жетісу облыстарында футбол алаңдары салынған болатын.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?