Магомед Адиев қазақстандық қорғаушы туралы пікір білдірді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев YouTube желісіндегі BorodAbata арнасына берген сұқбатында петербургтік «Зенит» сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліптің болашағы жайлы өз ойын ортаға салды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
– Нұралы Әліпке еуропалық топ-клубтар қызығушылық танытқан болатын. Алайда ол жақында «Зенитпен» келісімшартын ұзартты. Бұл дұрыс шешім болды деп ойлайсыз ба?
– «Зенит» – өте мықты клуб. Егер де шын мәнінде Әліпке қандай да бір маңызды ұсыныс түссе, клуб оны қарастыратыны анық. Санкт-Петербургте ол өз мүмкіндігін жақсы көрсетіп жүр, тұрақты түрде ойын уақытын алып отыр – бұл қалыпты процесс.
– Оған Ресей чемпионатынан қашан кету керек деп ойлайсыз?
– Қашан жақсы ұсыныс алса, сол кезде кетуі керек деп ойлаймын. Бірақ нақты ұсыныстар болды ма, жоқ па – оны айту қиын, мен онымен бұл тақырыпта сөйлескен жоқпын.
Айта кетейік, жақында «Зениттің» баспасөз қызметі Нұралы Әліппен келісімшарттың 2027/28 маусымының соңына дейін ұзартылғанын хабарлады.