Станислав Черчесов ұлттық құрамаға жаңа ереже енгізді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов командадағы жаңа ережелер туралы айтып өтті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Маусым айында қызметіне кіріскен ресейлік маман құрамамен «2+2» схемасы бойынша келісімшартқа отырған еді. Бұл қызметте ол тағы ресейлік жаттықтырушы Магомед Адиевті алмастырды.
«Ұлттық құрамада қандай мотивация туралы сөз болуы мүмкін? Мотивация туралы сөз ұлттық құрамаға келгенде мүлде болмауы керек. Бұл тек қана жаттықтырушыларға ғана емес, ойыншыларға да қатысты. Сен өз еліңнің намысын қорғайсың, бұның өзі үлкен жауапкершілік», – деді Черчесов «Матч ТВ»-ға берген сұқбатында.
Еске сала кетейік, Станислав Черчесов соңғы рет венгриялық «Ференцварош» клубын баптаған болатын. Ол бұл команданы 2021 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың шілдесіне дейін жаттықтырды. Сонымен қатар, Черчесов Ресейдің бірнеше клубтарында, Польшадағы «Легия» командасында және 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында Ресей құрамасын басқарып, командасын ширек финалға дейін жеткізді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?