Илкай Гюндоган ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
«Барселонаның» 33 жастағы футболшысы Илкай Гюндоган Instagram желісіндегі парақшасында Германия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Құрметті Германия футболы, бірнеше апта бойы ой жүгірткеннен кейін ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтайтын кез келді деп шештім. Өз елім үшін 82 ойын өткізгенімді мақтанышпен еске аламын, бұны 2011 жылы команда сапында дебют жасаған кезде ешқашан армандамаған едім. Мен үшін Еуропа чемпионатында капитан ретінде команданы басқару үлкен мәртебе болды. Бірақ турнир алдында шаршағанымды сездім, клубтық және ұлттық деңгейдегі матчтар аз емес. Германия құрамасының жанкүйері болып қала беремін және өсу үрдісін жалғастырамыз деп сенемін. Бізде фантастикалық жаттықтырушы, өте күшті команда және тамаша командалық рух бар», – деп жазды футболшы.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?