Магомед Адиев «Астана» футбол клубын жаттықтыруға байланысты айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев өзін «Астана» клубына шақырғанын айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Мен «Астанада» бапкер болып қалуым да мүмкін еді. Маған бұл туралы ұсыныстар түскен», – деді Магомед Адиев YouTube желісіндегі BorodAbata арнасына берген сұқбатында.
Қазіргі уақытта Магомед Адиев грозныйлық «Ахмат» футбол клубын жаттықтырады.