Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының ойынын жүйеледі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ресей чемпионатының матчтарын не себепті бақылап жүргенін айтты. Бұл туралы ол Sports.ru сайтына берген сұқбатында айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Кейде маған не үшін футбол матчтарына баратынымды сұрайды. Себебі маған қызық әрі Қазақстан құрамасын белгілі бір жүйе бойынша дайындауым қажет. Мен сол жүйемен ойнайтын командаларды бақылап жүрмін. Әр командадан өзіме қажетті нәрселерді байқаймын», – деді Черчесов.
Оның айтуынша, «ЦСКА» және бірнеше басқа командалар сол жүйеде ойнайды, сондай-ақ Қазақстан құрамасы да осы жүйеге сүйенеді.
«Үш күннің ішінде бәрін түбегейлі өзгерту қиын, сондықтан сол жүйеде ойнау керек болады. «Интер», «ЦСКА», «Ахмат» сияқты командалар осы жүйеде ойнайды. Маған қызық, әр бапкер бұл ойын жүйесін қалай түсіндіреді. Сондықтан уақытты жоғалтпай, нәтиже беретін модельді таңдау маңызды», – деп түсіндірді бапкер.
Айта кетейік, 2024 жылдың 3 маусымында Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Оған дейін ол венгриялық «Ференцварош» клубында жұмыс істеген, бірақ 2023 жылдың шілдесінде клубтан кетті.