«Аз табыс таптым»: Дамир Исмагулов UFC-ден кетуінің себебін айтты Reuters.com. Суретте: файтер Дамир Исмагулов

Дамир Исмагулов UFC-дегі мәселелерді айтты

Қазақстандық файтер Дамир Исмагулов «BAZA PODCAST» подкастында UFC-ден кетуінің себептері мен мансабына қатысты мәселелерді ашық айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

«Мен үзіліс алдым. Неге? Мен UFC-де өнер көрсеттім, егер барлық спортшылар Олимпиадаға қатысуды армандайтын болса, онда ММА-дегі ең жоғары шың – UFC, бұдан асқан ештеңе жоқ. Бірақ мен аз табыс таптым, бес жеңіске жетіп, ТОП-15-ке кірсем де, осы бес жекпе-жек үшін көп табыс таппағанымды түсіндім, сол кезде ойлануға тура келді.

Отбасыңа ақша табу керек, ал оның үлкен бөлігін дайындыққа, спорттық қоспаларға, жаттықтырушыларға жұмсайсың. Менің түсінгенім – демеушілерді табу керек, бұл үшін әрекет ету керек, бірақ оған уақыт жетпеді. Мен титулға жетуді көздедім», – деді Дамир Исмагулов.

Дамир Исмагулов UFC-ден кеткен кезде жеңіл салмақтағы үздік ТОП-15 файтердің қатарында болатын.