Карим Бензема Роналдуның клубындағы жұлдызын тартып алмақшы Фото: © Justin Setterfield / Staf / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

«Аль-Иттихад» клубының шабуылшысы Карим Бензема клуб басшылығына өтініш білдірді

Бен Джейкобс есімді спорт тілшісінің айтуынша, француздық шабуылшы клуб басшылығына  "Аль-Наср" футбол клубында өнер көрсетіп жүрген Садио Манемен келісімшарт жасасуды ұсынып отыр. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бензема Сенегалдық ойыншының келуімен клубтың чемпиондық титулға қол жеткізуі әлдеқайда мүмкін болатынына сенімді. Екі клубтың арасындағы келісімсөздер басталып кеткен көрінеді. 

Айта кетейік, Садио Мане "Аль-Наср" футбол клубына өткен жазда "Бавария" клубынан ауысып келген болатын.