Месси қашан алаңға оралады? Getty Images

Лионель Мессиге қатысты жаңа деректер пайда болды

Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси қашан жасыл алаңға оралатыны белгілі болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Эрнан Клаус есімді тілшінің айтуынша, қазіргі таңда Месси жеке жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Бірақ, 1-ші қыркүйек күні "Чикаго Файр" командасына қарсы өтетін ойынға қатысуы әбден мүмкін. 

Айта кетейік, Месси Америка Кубогы ойындары кезінде Колумбияға қарсы матчта жарақат алып, ойыннан шеттетілген болатын.