«Сенімнен айырылған» Жанар Утешева кім? By Ben McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Жанар Утешева мен Геннадий Головкин

Жанар Утешева туралы не білеміз?

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында Жанар Утешеваның Бас хатшы қызметінен босатылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Осы орайда Dopmedia.kz тілшісі Жанар Утешеваның осы уақытқа дейінгі қызметі мен өмір жолына шолу жасап көрді.

Жанар Утешева Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009 жылы Жанар Утешева Астана Спорт Басқармасының баспасөз-хатшысы ретінде өз мансабын бастап, осы саладағы кәсіби жолының негізін қалады. 2013 жылдан бастап Геннадий Головкиннің PR-консультанты әрі менеджері болып жұмыс істейді.

2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратының баспасөз-қызметін басқарды және әкімнің баспасөз-хатшысы қызметін атқарды.

2016-2022 жылдары Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Коммуникациялар департаментінің жетекшісі болды.

2022-2023 жылдары жеке коммуникациялық компанияның бас директоры қызметін атқарды.

2024 жылдың 26 ақпанынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы болып қызмет етті.

Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында ҰОК президенті Геннадий Головкинмен бірге түрлі шараларда болды. Олимпиадада жүлде алған қазақстандық спортшылар туралы фотолар, бейне-жазбалар, арнайы хабарламалар жариялады.

Жанар Утешева Instagram желісіндегі ресми парақшасында "Чемпионның жан досы" деп жазып қойған.