Өзбек боксшысын төрт рет ұтқан қазақстандық АҚШ-та жеңіске жетті instagram/ivandychko. Суретте: Иван Дычко

Иван Дычко өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко АҚШ-та өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Иван Дычко Флорида штатының Плант-Сити қаласында өткен ProBox TV шоуы аясында америкалық Крейг Льюиспен жұдырықтасты. Бастапқыда сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта Иванның қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды.

Осылайша, Қостанай облысының тумасы кәсіби рингтегі 14-жеңісіне жетіп, оның 13-і уақытынан бұрын аяқталған. Әзірше, оның есебінде бірде-бір жеңіліс жоқ. Ал қарсыласы Крейг Льюис үшін бұл сегізінші жеңіліс болды, оның кәсіби рекордында 15 жеңіс (сегізі нокаутпен) және бір тең нәтиже бар.

Айта кетерлігі, салмақ өлшеу кезінде Дычконың қарсыласы 12 килограмға ауыр болған. Алайда, бұл артықшылық жекпе-жек нәтижесіне әсер ете алмады.

Сондай-ақ әуесқойлар арасында Иван Дычко қазіргі уақытта Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған Баходир Жалоловты 4 рет ұтқан.

    Көп оқылды: