Роналдудың клубы тығырыққа тірелді
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду өнер көрсететін Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы қаржылық қиындықтарға тап болды, деп Dopmedia.kz тілшісі Essentiallysports басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Әл-Наср" клубы құрамды күшейту мақсатында Сауд Арабиясының инвестициялық қорынан қаржылай көмек сұраған, бірақ олардың бұл өтініші қабылданбады. Осы жағдайға байланысты клуб президенті және бірнеше басқарма мүшелері отставкаға кетті.
Клуб ішіндегі дағдарыс туралы Криштиану Роналду да хабардар және ол қалыптасқан жағдайға қатты алаңдаулы. Алайда, 39 жастағы португалиялық футболшы көпшілік алдында бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартып отыр, өйткені команда ішінде оған клубтың ішкі проблемалары туралы айтпауды өтінген.
Айта кетейік, Криштиану Роналду "Әл-Наср" командасында 2023 жылдан бері ойнап келеді.
Сондай-ақ Криштиану Роналду YouTube желісінде өзінің арнасын ашып, платформада жаңа рекорд орнатты.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?