Олимпиадаға іріктеу турнирінде ел намысын кімдер қорғайды? olympic.kz

Турнирге қатысатын ойыншылардың тізімін жарияланды

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңінің финалына дайындықтың екінші кезеңін Астанада сәтті аяқтады, деп Dopmedia.kz Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Команда ертең Чехияға аттанып, дайындықты жалғастырады. Сонымен қатар, ұлттық құраманың бапкерлік штабы алдағы турнирге қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады:

Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Максим Павленко («Рязань-ВДВ»), Андрей Шутов («Слован»).

Қорғаушылар: Адиль Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр (барлығы – «Барыс»), Дмитрий Бреус («Торпедо»), Леонид Метальников («Адмирал»), Эдуард Михайлов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург»), Иван Степаненко («Хумо»).

Шабуылшылар: Алихан Асетов, Александр Борисевич, Дінмұхамед Қайыржан, Максим Мұхаметов, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы – «Барыс»), Руслан Демин («Сарыарка»), Артем Лихотников («Хумо»), Кирилл Панюков («Амур»), Евгений Рымарев («Юнисон»), Аркадий Шестаков («Адмирал»).

Бас бапкер: Олег Болякин

Бапкерлер: Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов