Қазақстан тәжіктерге еш мүмкіндік қалдырмай ұтты kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы бірінші матчта жеңіске жетті

Бүгін, 22 тамызда Астанада футзалдан Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары жолдастық кездесу өткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Астанада қаласындағы "Сайран Арена" кешенінде өткен ойында Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Құрама сапынан Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Ақжол Дәрібай гол салды.

Айта кетейік, Тәжікстан құрамасымен екінші матч 24 тамызда өтеді.