Грек-рим күрес шебері қазіргі таңда Кеген ауданының әкімі
Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақстандық грек-рим күрес шебері Нұрқанат Теңізбаев YouTube желісіндегі "Jas Alash" арнасына сұқбат берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" деген сөз бар ғой. Мен спорт саласында жүргенде, бапкерлерімнен спорт тәрбиесін алдым. Еңбекқорлық, шыдамдылық, биік белесті бағындыру деген секілді дүниелерді үйрендім. Мен қазір істеп жүрген мемлекеттік қызметтің, саяси лауазымның өте үлкен жауапкершілігі бар. Сыни көзбен қарайтын, ел-жұрт үміттене көз салатын ауданда басшы болып отыру мен үшін үлкен сынақ деп санаймын", - деді Нұрбақыт Теңізбаев.
Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен күміс медаль жеңіп алған болатын.