Футзалдан ұлттық құрама бас бапкері алдағы ойындарға қатысты пікір білдірді
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері алдағы ойындарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
— Осымен дайындықтың үшінші аптасы аяқталды. Әрине, осы үш аптада физикалық дайындыққа мән бердік, сол себепті ойыншылардың шаршағаны байқалады. Біз тәжіктерге дайындалып жатқан жоқпыз – біз әлем чемпионатындағы бірінші матч болатын испаниялықтарға дайындалып жатырмыз. Сондықтан Тәжікстанмен ойнайтынымызға байланысты жаттығуға жеңілдік болған жоқ. Тәжікстан құрамасын құрметтейміз және жолдастық кездесуде ойнау үшін жаттығу үдерісін өзгерте алмаймыз.
Ойыншылардың барлығына ойнауға мүмкіндік беруге тырыстым. Әрине, бұл ойынның динамикасын бұзады, бірақ нәтиже емес, команданың осы үш аптада қалай жұмыс істегені маңызды. Енді үйлеріне қайтатын үш ойыншыға алғыс айтамыз.
14 ойыншы мен 4 қақпашы әрі қарай дайындықты жалғастырады. Негізгі құрам жинақтала түседі. Әлем чемпионатына 11 ойыншы мен 3 қақпашы барады. Альберт Ақбалықов аздап жарақаттан соң емделген еді. Осы ойындарға шығармадық. Дүйсенбіден бастап жалпы топта жаттығуды бастайды,-дейді Кака.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?