«Петрокуб» өз инвесторымен қош айтысқанды жөн көрді
Moldfootball.com порталының мәліметінше, «Ордабасы» клубының еурокубоктағы қарсыласы молдавиялық «Петрокуб» футбол клубы мен ганалық инвестор Нана Яу Ампонс арасындағы келісімшарт аяқталды. Ал Михай Усатый клубтың президенті болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Инвестор Нана Ампонса клубты қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін орындамады. Ганалық инвестор аз мөлшерде ғана қаражат бөлді және оның клубқа қосқан үлесі осымен аяқталды.
Румыниядағы оқу-жаттығу жиындарында бірде-бір ойыншы көрінбеді. Сондай ақ бұрынғы президент ойыншыларға суперлигадағы жеңісі үшін сыйлықақы да бермеді», – деп жазады Moldfootball.com порталы.
«Петрокубқа» дейін Ампонс бірнеше рет «Зимбра» клубына инвестиция салуға тырысқан көрінеді, бірақ клуб ұжымы одан бас тартқан.
Естеріңізге сала кетейік, «Петрокуб» Чемпиондар лигасының 2024/25 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» командасымен кездеседі. Бірінші ойын 10 шілдеде Шымкентте өтеді, ал екінші ойын 17 шілдеде Молдовада болады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?