«Ордабасының» бапкері тағы ауысты: бұл жолы бразилиялық келді Фото ашық дереккөзден. Суретте: Хосе Алесио Да Силва

Шымкенттік ұжымды енді бразилиялық бапкер жаттықтырады

«Ордабасы» футзал клубына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Шымкенттік команданы бразилиялық бапкер  Хосе Алесио Да Силва жаттықтырады.

55 жастағы бразилиялық Хосе Алесио Да Силва мансабында ресейлік «Спартак» пен «Газпром-Югра», «Қайрат», әзірбайжандық «Араз-Нахчыван» командаларында бас бапкер болған, Әзірбайжан құрамасының да тізгінін ұстаған.