Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу өткізеді
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Иран мен Аргентина құрамаларына қарсы жолдастық матчтардың өтетін уақыты мен орны өзгерді, деп Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының Telegram желісіндегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Футзалдан Қазақстан құрамасының Иранға қарсы жолдастық матчтары «Сайран Арена» (Астана) спорт кешенінде өтеді. Ал Аргентинамен ойын Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына ауысты
Сондай-ақ жолдастық ойындардың басталу уақыты өзгерді. Иранға қарсы алғашқы ойын 30 тамыз күні 15:00-де өтсе, Аргентинамен матч 7-ші қыркүйектен 8-не өзгерді.
Бұған дейін Иранға қарсы бақылау ойындары Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, ал Аргентинамен матч Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді деп хабарланған еді.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?