Холанд пен Эдегар Қазақстанға келеді: Ұлттар лигасы ойындарында кім өнер көрсетеді? Ашық дереккөзден алынған

Норвегия ұлттық құрамасының негізгі құрамы белгілі болды

Қыркүйектің 6-сы күні Алматы қаласының Орталық стадионында Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан және Норвегия құрамаларының ойыны өтеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Норвегия ұлттық құрамасының бас бапкері Столе Сольбаккен негізгі құрамға "Манчестер Сити" футбол клубының ойыншысы- Эрлинг Холанд пен "Арсенал" ойыншысы Мартин Эдегорды қосты. 

Негізгі құрамның тізімі келесідей: 

Қақпашылар: Матиас Дюнгеланн («Бранн»), Эрьян Нюланн («Севилья», Испания), Эгил Селвик («Хёугесунн»);

Қорғаушылар: Кристофер Айер («Брентфорд», Англия), Фредрик Бьёркан («Будё-Глимт»), Йеспер Даланн («Кардифф Сити», Англия), Андреас Ханче-Ольсен («Майнц 05», Германия), Юлиан Рюэрсон («Боруссия» Дортмунд, Германия), Фредрик Шёвольд («Будё-Глимт»), Давид Мёллер Вольфе (АЗ, Нидерланды), Лео Эстигор («Ренн», Франция);

Жартылай қорғаушылар: Патрик Берг («Будё-Глимт»), Сандер Берге («Фулхэм», Англия), Арон Дённум («Тулуза», Франция), Феликс Хорн Мюре («Бранн»), Антонио Нуса («РБ Лейпциг», Германия), Осаме Сахрауи («Лилль», Франция), Кристиан Торстведт («Сассуоло», Италия), Мортен Торсбю («Дженоа», Италия), Мартин Эдегор («Арсенал, Англия);

Шабуылшылар: Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Йёрген Странн Ларсен («Вулверхэмптон», Англия), Александер Сёрлот («Атлетико», Испания).