Ұлттық құрама бапкерінің таңдауы қай ойыншыларға түсті?
Алдағы 6 және 9 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Станислав Черчесовтың жетекшілігімен Ұлттар лигасы аясындағы матчтарын өткізеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Жақында Станислав Черчесов Норвегия және Словенияға қарсы Ұлттар лигасының ойындарына қатысатын құрамды жариялады. Құрама сапына 28 футболшы енді, бірақ осы маусымда Қазақстан премьер лигасында легионерлерге қойылған лимиттің алынып тасталуы ұлттық құраманың көп ойыншысының алаңда аз уақыт өткізуіне себеп болды.
Игорь Шацкий негізі қақпашы болып қала бере ме?
Құрама сапында төрт қақпашы бар. Соңғы жылы негізгі қақпашы ретінде танылған Игорь Шацкий «Ақтөбе» сапында шілде және тамыз айларында 9 матчтың 7-еуіне қатысып, Лига кубогындағы кездесулерді ғана жіберіп алды. Ал Стас Покатилов те «Тобыл» сапында 9 ойынға қатысқан, бірақ Лига кубогында алаңға шыққан жоқ. «Астананың» қосалқы қақпашысы Александр Заруцкий тек бір ғана матчта «Тұранға» қарсы ойнады, ал «Жеңіс» клубының 20 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков тек екі ойында алаңға шығып, бір ғана сейв жасады.
Қорғаушыларға үміт арта аламыз ба?
Станислав Черчесов құрамаға 11 қорғаушыны шақырды, олардың үшеуі «Астана» сапында өнер көрсетеді. Солардың ішінде Александр Марочкин 574 минут алаңда уақыт өткізген. Одан кейін Ян Вороговский 531 минут ойнаған, ал Марат Быстров соңғы екі айда бар болғаны 190 минут алаңда өнер көрсетті. «Тобылдың» қорғаушылары Роман Асранкулов пен Еркін Тапалов тоғыз ойында ойнауы керек болған, бірақ Лига кубогындағы екі матчта қосалқы құрамда қалып қойды. Соңғы нәтижелер бойынша, Роман 509 минут, ал Еркін 268 минутты алаңда өткізген. Ал Сергей Малый 10 матчтың 8-іне қатысып, 564 минут ойнады. Михаил Габышев «Елімай» сапында соңғы екі айда небәрі 103 минут қана ойнады. «Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым соңғы алты матчта толығымен ойнады, тек УЕФА Конференциялар лигасындағы «Сараевоға» қарсы кездесуді ғана жіберіп алды. Ресейде өнер көрсетіп жүрген Нұралы Әліп «Зенит» сапында тоғыз матчтың тек үшеуінде ғана алаңға шығып, кейбірін жарақатына байланысты өткізіп алған. Лев Скворцов «Шинник» сапында жеті матчтың бесеуінде негізгі құрамда ойнап, тек екеуінде ғана толық алаңда болды. Ал Талғат Қусяпов жазда «Астанадан» «КАМАЗ»-ға ауысып, ФНЛ-дің барлық жеті матчына қатысып, 565 минут ойнады.
Орталық алаңда қай ойыншы ойқастай алады?
Ұлттық құрама сапында «Ордабасыдан» үш футболшы бар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан және Айбол Әбікен. Барлығы дерлік әр ойында алаңға шығып, негізгі құрамының футболшыларына айналды. Олардың ішіндегі ең аз ойнаған Исламхан – 522 минут. «Астана» құрамында жергілікті ойыншыларды легионерлер ығыстырғандықтан, Абзал Бейсебеков пен Эльхан Астанов 509 минут қана ойнады. 23 жастағы «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов көбінесе екінші таймда алаңға шығып, жеті ойынға қатысып, бір гол соқты. «Тобылдың» көшбасшысы Ислам Чесноков жеті матчтың барлығында алаңға шығып, үш гол соқты. Шілде айынан бастап Данияның «Силькеборг» клубында ойнай бастаған Рамазан Оразов та жаңа командаға бейімделу үстінде, алайда ол да 465 минутты алаңда өткізіп, бір гол соқты. Қазақстан футболының басты жұлдызы Бақтиёр Зайнутдинов соңғы рет мамыр айының соңында ойнаған. Осы жазда «Бешикташқа» келген жаңа бас бапкер Джованни ван Бронкхорст қазақстандық ойыншыны осы маусымда бірде-бір матчта алаңға шығарған жоқ.
Шабуыл шебінде Абаттан басқа кім бар?
Қазақстан құрамасында тек төрт шабуылшы ғана бар. Олардың бірі «Қайсардың» шабуылшысы – Айбар Жақсылықов. Ол шілде айынан бастап Қазақстан премьер лигасындағы төрт ойынның бәріне қатысып, «Елімай» қақпасына бір гол соқты. «Астананың» шабуылшысы Рамазан Кәрімов те бұл кезеңде өте аз уақыт алаңға шығып, тек 233 минут ойнады, оның 171 минутын Лига кубогында өткізді. Оралхан Өміртаев биыл Белоруссияда өнер көрсетіп, шілдеден бері жеті матчта 217 минут ойнады. Ал Абат Айымбетов Түркияда тек екі матчқа қатысып, 88 минут ойнады.
Жалпы, ұлттық құраманың жартысына жуығы ресми матчтарға үнемі қатысса, қалған бөлігі соңғы екі айда алаңда аз уақыт өткізуімен шектелді. Бұл фактор Қазақстан үшін айтарлықтай кемшілік болары анық, бірақ Черчесовтің басқа таңдау мүмкіндігі жоқ. Ол шетел чемпионаттарындағы барлық қазақстандықтарды, тіпті олар алаңда жеткілікті уақыт өткізбегеніне қарамастан, құрамаға шақырды. Ал жергілікті клубтарда ұлттық құраманың ойыншыларын шетелден келген легионерлер ығыстырып жатыр. Енді премьер лигада легионерлерге қойылған лимиттің алынып тасталуы ұлттық құраманы қандай нәтижелерге алып келетіні алдағы уақытта белгілі болады.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)