Ойын барысында жүрегі тоқтап қалды
27 жастағы уругвайлық футболшы, «Насьональ» клубының қорғаушысы Хуан Искьердо ойын барысында жүрегі тоқтап, қаза тапты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Бұл қайғылы оқиға туралы клубтың ресми мәлімдемесі Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жарияланды.
«Жүрегімізде терең қайғы мен сілкініспен Хуан Искьердоның қазасы туралы жариялаймыз. Отбасы мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз. Бүкіл «Насьональ» қайғыруда. Хуан, сен мәңгі бізбен боласың», – деп жазды.
22 тамызда «Сан-Паулу» командасына қарсы матч кезінде Искьердо Себастьян Коутсты алмастырып, ойынға кірген болатын. Алайда ойынның 84-минутында қорғаушы кенеттен есінен танып, жерге құлаған. Дәрігерлер оны дереу Альберт Эйнштейн ауруханасына жеткізді. Аурухананың мәлімдемесіне сәйкес, Искьердоның жүрек аритмиясына байланысты тынысы тоқтап қалған.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)