Париж-2024: Паралимпиада қашан және қалай өтеді? paralympic.kz

Паралимпия ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен 167 -ге жуық мемлекет қатысады

2024 жылдың 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVII Паралимпиадаға Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен 33 жолдама еншілеген болатын. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан Спорт және Туризм министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Паралимпиаданың ашылу салтанаты ресми түрде 28 тамызда өтеді. Аталмыш доданың шымылдығы Париждың жүрегі саналатын әйгілі Champs-Élysées бульвары мен Place de la Concorde алаңында ашылады. Бұл орындар Францияның тарихы мен мәдениетінің символы ретінде, Паралимпиадаға қатысушыларды және қонақтарды қарсы алуға арнайы таңдалған. Франция төрінде туымызды волейболды отырып ойнау спортынан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуден Севда Әлиева алып шығады. Жұлдызды ойын ашылу салтанатынан кейін, яғни 29 тамызда басталады.

Олимпиадалық нысандардың басым бөлігі Паралимпиада үшін де қолданысқа беріледі. Қазақстан ұлттық құрамасы жазғы ойындарда 9 спорт түрінен 9 нысанда өнер көрсетеді. Жарыс алаңдары спортшылардың мүмкіндігіне қарай паралимпиадалық қалашыққа жақын орналасқан. Тек пара нысана көздеу мемлекет астанасынан тыс жерде 2 сағаттық жолды қамтитын, Шотару қаласында өтеді. Атап айтсақ:

29, 30, 31 тамыз - Пара таэквондо - Grand Palais,

29, 31, 2, 5, 6 қыркүйек - Волейболды отырып ойнау - North Paris Arena

30, 31, 4, 5 қыркүйек - Пара жеңіл атлетика - Stade de France

31, 1, 4, қыркүйек - Пара нысана көздеу - Chateauroux Shooting Centre

1, 3, 4, 5, 6 қыркүйек - Пара жүзу - Paris La Defense Arena

1, 2, 4, 6,7 қыркүйек - Пара үстел теннисі - Suth Paris Arena

5, 7 қыркүйек - Пара паэурлифтинг -Porte de La Chapelle Arena

5, 6, 7 қыркүйек - Пара дзюдо Champ - de Mars Arena

6, 7 қыркүйек - Пара каноэ Vaires-sur- Marne-Nautical Stadium

Аталмыш бәсекені Қазақстан аумағында көрсету құқығын Qazaqstan және Qazsport телеарналары иеленді.  XVIІ Жазғы Паралимпиаданың ашылу салтанаты Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде 28 тамыз күні 23.00-де көрсетіледі.