Еурокубок маусымында 36 клуб ойнайды
2024/25 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының қатысушыларының толық құрамы белгілі болды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Соңғы іріктеу матчтары аяқталғаннан кейін, биылғы маусымда турнирге қатысатын командалардың тізімі жарияланды.
Бірінші себеттегі командалар: «Реал Мадрид», «Манчестер Сити», «Бавария», «ПСЖ», «Ливерпуль», «Интер», «Боруссия Дортмунд», «РБ Лейпциг», «Барселона».
Екінші себеттегі командалар: «Байер», «Атлетико», «Аталанта», «Ювентус», «Бенфика», «Арсенал», «Брюгге», «Шахтер», «Милан».
Үшінші себеттегі командалар: «Фейеноорд», «Спортинг», ПСВ, «ДинамоЗагреб», «РБ Зальцбург», «Лилль», «Црвена Звезда», «Янг Бойз», «Селтик».
Төртінші себеттегі командалар: «Слован Братислава», «Монако», «Спарта Прага», «Астон Вилла», «Болонья», «Жирона», «Штутгарт», «Штурм», «Брест».
2024/25 маусымынан бастап Чемпиондар лигасының негізгі турнирінде 32 команда емес, 36 клуб қатысады. Турнир швейцариялық жүйе бойынша өткізіледі, онда барлық командалар бірыңғай турнирлік кестеде орналасады. Чемпиондар лигасының финалы 2025 жылдың 31 мамырында Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында өтеді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?