Ол клуб деңгейінде Пуэрто-Рико, Жапония, Корея, Ресей, Италия және Түркиядан келген командалар үшін өнер көрсеткен
Белгілі доминикандық волейболшы Бетания Де Ла Крус Өскемендегі "Алтай" әйелдер волейбол командасының ойыншысы атанды.
Бұл туралы команда әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Де Ла Крус 34 жаста, ол Доминикан құрамасында құрлықтағы жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Клуб деңгейінде Пуэрто-Рико, Жапония, Корея, Ресей, Италия және Түркиядан келген командалар үшін ойнаған.
Спортшы 2015 жылы өткен клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы, 2015 жылы өткен Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Доминикан республикасы 2006, Жапония 2008, Пуэрто-Рико 2011, Оңтүстік Корея 2014, Ресей 2017, 2020 чемпионаттарының жеңімпазы.
Де Ла Крус 2007 Pan American games, MVP және 2009 Pan American Cup, MVP және 2019 Pan American games-тің ең жақсы шабуылшы ойыншысы ретінде танылды.
Ол сондай-ақ бірнеше рет әлемдегі ең әдемі волейболшылардың түрлі рейтингіне енген.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
19 қыркүйек, 2024
Өзбектер Олимпиада алтынын сатып алды ма?