Оффсайд – бұл футболды қиын, бірақ қызықты ететін ережелердің бірі.
Оффсайд – футболдағы ең даулы әрі түсіну қиын ережелердің бірі. Тіпті тәжірибелі жанкүйерлер де оффсайд болды ма, жоқ па деп дауласып жатады. Бұл ереже ойыншылардың қозғалысына мұқият қарауды талап етеді. Сонымен, оффсайд деген не және оның ережелерін неге көбі түсінбейді?
Оффсайдтың мәні неде?
Егер шабуылшы пас берілмей тұрып, толығымен немесе денесінің бөлігімен қақпа сызығына доптан және қорғаушыдан жақын болса, оффсайд болады. Ойыннан тыс қалған кезде доп келесі командаға беріліп, еркін соққы жасалады.
Неге оффсайдты түсіну қиын?
1. Пас беру сәті: Оффсайдты белгілеу үшін төреші дәл пас берілген сәтті және ойыншының орналасуын анықтауы қажет. Бұл жағдайды жылдам бағалауды қажет етеді. Ойынға әртүрлі бұрыштан қарап отырған көрермендерге кейде төрешінің шешімі қате көрінуі мүмкін, бұл жанкүйерлердің наразылығын тудырып жатады.
2. Ойыншылардың қозғалысы: Шабуылшылар мен қорғаушылар жылдам қозғалатындықтан, ойыншы рұқсат етілген позицияға бір сәтте ауысуы мүмкін. Оффсайдты түсіну қиындығының бірі – ойыншының тек орналасуын ғана емес, оның қозғалысын, допты қабылдау ниетін де ескеру қажет.
3. Ережедегі ерекшеліктер: Футболда оффсайдқа байланысты бірнеше ерекшелік бар, бұл да түсініспеушілікке әкеледі. Мысалы, бұрыштама кезінде оффсайд белгіленбейді.
Оффсайдтың маңызы неде?
Оффсайд ойынды стратегиялық тұрғыдан байытып, командаларды күрделі тактикаларды қолдануға итермелейді. Мысалы, қорғаушылар әдейі «оффсайд тұзағын» қолдана алады, алға шығып, қарсылас шабуылшыларды ойыннан тыс қалдырады.
Оффсайд ережесін қалай есте сақтауға болады?
Ойыншының ойынды тоқтатпау үшін пас берілген сәтте доп пен соңғы қорғаушыдан асып кетпеуі керек деп елестетіңіз. Бұны есекеріп, футбол көргенде ереженің мәні және төрешілердің неліктен оффсайд белгілейтіні түсінікті болады.