Месси 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатыса ма? Fernando Gens / Global look press)

Аргентина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мәлімдеме жасады

Аргентина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Алексис Маккалистер Лионель Мессиге қатысты өз пікірімен бөлісті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

"Егер меннен сұрайтын болсаңыздар, онда Лео Әлем чемпионатына қатысады! Менің ойымша, ол ұлттық құрамаға қосылады. Енді…оның ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары кезіндегі дайындығына қарағанда, келесі Әлем чемпионатында да көрінуі мүмкін екенін жоққа шығара алмаймын. 

Бұл енді жеке шешім. Шынына келсек, нақты жауап 2026 жылы шығатын шығар.  Леоның жасы үлкен болса да, оның бар-жоғы міндетті түрде біздің командамыздың арасында сезіледі”,- деді Маккалистер ESPN-ге берген сұқбатында. 
 

Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 2026 жылы АҚШ-та, Канада да, Мексикада өтеді.