Әлі де тойдан қолы тимей жүр
Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов "Бірінші бол" подкастында спортшыларымыздың Олимпиададан кейін әлі де той тойлап жүргенін айтып қынжылды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
"Кеше жігіттерден залға қашан ораласыңдар деп сұрап жатырмыз. Енді 20 күнге жуықтап қалды ғой, әлі тойлап жатыр. Әзірге білмеймін, қарбалас болып жатыр ғой, әлі той. Шынымен, өзге елідң спортшылары жаттығуын бастап кетті. Ташкенттен кейінгі әлем чемпионатында жұрт: "Жігіттер, көп қыдырып кеттіңдер, көрші елдің боксшылары дайындалып жатыр", – деп еді, олар ренжіді. Сендер сынайсыңдар деді.
Иә, қазақ халқы өте жақсы құрметтейді, чемпиондарын төбесіне көтереді. Жігіттер де, бапкерлер де залға оралу керек секілді. Өйткені алда әлемдік аламандар бар", – деді Аслан Қаженов.
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
-
11 қыркүйек, 2024
Ордодан 7 мемлекет сынға түседі