Көкпаршылар тартысып жатқанда, Демеу мен Ақжол қазақ-қырғыздың ортасына көпір салды (видео) instagram/tugayev.arman

Екеуі Атырауда кездесті: бұл жолы бозкілемде емес

Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмудов Атырау облысына арнайы барды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Атырау облыстық күрес түрлері федерациясының ұйымдастыруымен аймақта ересектер арасында грек-рим, еркін күрес түрлерінен "Oil Capital Cup Atyrau" халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев пен қырғызстандық балуан Ақжол Махмудов осы жарыстың арнайы қонағы ретінде қатысады.