Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды olympic.kz

Паралимпиада шыңын бағындырған батырларымыз оралды

Парижде өткен Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бүгін, 10 қыркүйек Н. Назарбаев атындағы халықаралық әуежайына XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) пен Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), күміс жүлдегерлері Ерғали Шамей (пара дзюдо), Нұрдаулет Жұмағали (пара жүзу), қола жүлдегерлері Даяна Федосова ( пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо) мен Жұрқамырза Шукурбеков (пара дзюдо) және пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, волейболды отырып ойнау, пара каноэ құрама команда спортшылары елге оралады.