Алматыда жер сілкінді

Жер сілкіну дәрежесі 2 балды құрады

2024 жылғы 2 қараша күні Астана уақытымен сағат 10:50-де ҚР ТЖМ-ның Сейсмологиялық зерттеу институтының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Алматы облысының Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында жер дүмпуі шамамен 2 балл күшінде сезілді, бұл негізінен таулы аймақтарға тән әлсіз тербелістер болды.

    Көп оқылды: