Ол өзінің ата-анасы туралы естелігін айтты
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов «Түнгі студия» бағдарламасында ата-анасы туралы естелігін айтып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
«Темір өткізген сәттер болды. Ол балалық күнде болған нәрселер. Ата-анамыз жұмысқа кетіп қалады, кейде үйде нан болады, кейде үйде жейтін нан болмай қалады. Қарның аш болады, кейде тоқ болады. 1998-99-жылдары бір қиын кездер болды ғой...
Ата-анамыздың біз үшін қалай еңбек етіп жатқанын, қалай қиналып жатқанын өз көзімізбен көрдік. Біз ауылда тұрдық. Әкем қалаға кетіп, стройкада істеп жүрді. Ал анам жұмыссыз болды. Біреудің үйін бір тостақ ұн үшін тазалаған сәттері болды. Анам біреудің үйін тазалап жатқанын өз көзіммен көріп өстім.
«Мама, қарным ашты, нан жегім кеп тұр», – деген кезімізде құшағына басып «жоқ қой, қайдан әперемін» деген сөзді айта алмай жылайтын. Ол нәрсенің барлығы кеше болғандай көз алдымда тұрады.
Бұл маған бір жағынан мотивация болды. Ата-анамның жақсы өмір сүруіне, жетістікке жетуімі үлкен бір мотивация болды», – деді Елдос Сметов «Түнгі студия» бағдарламасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Елдос Сметов өз мансабында үш Олимпиадаға қатысқан. Риода (2016) күміс, Токиода (2021) қола, Парижде (2024) алтын жүлде еншіледі. Сондай-ақ Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті екенін де жеткізді.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)