Ол 14 жыл бас бостандығынан айырылды
«Миллуолл» клубының бұрынғы шабуылшысы Кирнан Хьюз-Мейсон 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Ол қасақана ауыр дене жарақаттарын келтіргені және балаға қатыгездік көрсеткені үшін жазаланды. Лондонның «Арсенал» футбол академиясының түлегі екі жасар қызды ұрып-соққаны үшін сотталды.
2020 жылдың қаңтарында Хьюз-Мейсон сол кездегі қыз серігімен бірге тұрған қызына жедел жәрдем шақырған. Ол қызды ес-түссіз күйде тауып алғанын айтқанымен, дәрігерлер баланың алған жарақаттары кездейсоқ болмағанын анықтады. Медициналық сарапшылар баланың жарақаттарын «жоғары жылдамдықтағы көлік апаты» немесе «биіктіктен құлау» кезіндегі зақымдармен салыстырды.
Сот барысында Хьюз-Мейсонның достарына екі жасар қыздың өзін ашуландыратыны туралы шағымданып, оны ұрғысы келетінін жазған хабарламалары белгілі болды. Бұл ауыр қылмыс үшін экс-футболшы Эссекс графтығындағы Бэзилдон қаласының корольдік сотында 14 жылға бас бостандығынан айырылды.