ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі Олимпиадаға қатысты жаңа ақпаратпен бөлісті
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Францияға аттанды,-деп хабарлайды dopmedia.kz
«Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта он олимпиадалық үміт, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні Отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр. Ал әйелдер құрамасы 3 салмақта сынға түседі.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?