Ол Данияда қай тілде сөйлесіп жүр?
Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов «Силькеборг» футбол клубының баспасөз қызметіне берген сұқбатында дат тілін үйрену тәжірибесі және командамен қарым-қатынас туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Дат тілі өте қызықты, бірақ оны үйрену, әсіресе кейбір сөздерді дұрыс айту қиын. Дегенмен, мен негізгі сөздерді білемін және оларды күнделікті өмірде қолдануға тырысамын. Толығырақ білу үшін әрдайым командаластарымнан көмек сұраймын», – дейді Оразов.
Сонымен қатар, Рамазан команда мүшелерінің барлығы ағылшын тілін түсінетінін және сөйлей алатынын, сондықтан ешқандай тілдік қиындықтар туындамайтынын атап өтті.
Еске сала кетсек, Рамазан Оразов биылғы маусымда «Силькеборг» клубына ауысып, 11 ойынға қатысып, бір гол соқты. Қазіргі уақытта «Силькеборг» Дания Суперлигасында үшінші орында, көшбасшы «Мидтьюлландтан» төрт ұпайға қалып отыр.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)