Ол басты мақсатын айтып берді
Спорттық құзға өрмелеуден қазақстандық Әмір Маймұратов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарынан кейінгі жоспаларын айтты: Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Париж Олимпиадасында үздік бестікке енген қазақстандық спортшы маусым соңына дейін бірқатар жарысқа қатысатынын жеткізді.
"Олимпиада біткен соң, бір күн де демалғаным жоқ. Бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Жыл соңына дейін мен қатысатын бес турнир бар. Әлем кубогінде, Азия чемпионатында, Бүкіләлемдік жағажай ойындарында және Испанияның Мадрид қаласында өтетін екі турнирде бақ сынаймын.
Менің ең негізгі мақсатым – Олимпиада ойындарының чемпионы атану. Бұл арманымнан бас тартпаймын және жеңіске жететін мүмкіндігім бар деп ойлаймын.
Париж Олимпиадасына алтын аламын деген ойым болған. Бірақ финалда қателік жібердім. Енді алдағы олимпиадалық циклде бұл қателермен жұмыс істеймін.
Жылдамдық бойынша 4.40 секундты бағындырсам деген жоспарым бар", – деді Әмір Маймұратов.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)