Абай облысының федерациясы қазақша атауға неге қарсы болды? kff.kz

«Абай облысына қазақ тілі қатты бір ұнай қоймайтын секілді»

Астанада Қазақстан футбол федерациясы XXV Конференциясы өткізді. Отырысқа ФИФА мен УЕФА, ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, аймақтық футбол федерациясыларының делегаттары мен Атқарушы комитет мүшелері қатысты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бұл жиында футбол федерациясының атауына қатысты мәселелер де талқыланды. ҚФФ президентінің кеңесшісі Ермұхаммед Мәулен Telegram желісіндегі арнасында осы мәселе бойынша жазды.

Осы кезге дейін қате жазылып келген ҚазақстанНЫҢ футбол федерациясы атауын комиссия мүшелері Қазақстан футбол федерациясы деп ауыстыруды ұсынды. Себебі, бұрынғы атау орыс тілінен аударылған еді. Орысша Казахстанская федерация футбола болып жазылып кеткен. Қазақ тіліндегі қатесіз нұсқаны таңдау кезінде 23 мүше қолдау білдірді. Солардың ішінде Абай облысы футбол федерациясы президенті, Ресей Федерациясының азаматы Виталий Каганның кеңесшісі Денис Сек пен Шығыс Қазақстан облысы федерациясының өкілі Сергей Дурницкий қарсы дауыс берді. Бұл екеуіне қазақ тілі қатты бір ұнай қоймайтын секілді, - деді Ермұхаммед Мәулен.

    Көп оқылды: