Танымал келіншек өз өмірі туралы айтып берді,
ТикТок әлеуметтік желісінде былайғы жұртқа «Гугуша» атымен жақсы танымал келіншек өз өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Тиктокер келіншек әр тікелей эфирге шыққанында өзін мезі ететін сұрақтардан шаршағанын айтып, «өмірім туралы шындықты білгілерің келсе, айтып берейін!» деді.
«Әкем — 15 жасынан бастап арақ ішкен кәдімгі алқаш. Шешеммен үйленген соң, көрсетпеген қорлығы жоқ. Титтейімнен шешемнің қалай таяқ жегенін көріп өстім. Кейін әкем бізді тастап, басқа әйелге кетті. Қазір қартайған. Ешкімге керексіз болып қалған. Қарттар үйіне өз қарындасы өткізіп тастаған. Мен — сондай алқаш, жүргіш еркектен туған қызбын! Алайда осы жасыма дейін аузыма арақ, сыраны татып алмағам. Еркектен-еркекке секіріп, жеңіл өмір іздемегенмін. Тірнектеп еңбек етіп, өз күнімді өзім көріп жүрген адаммын», — дейді Гугуша.
Тиктокердің бұл сөздері көпшілікке ой салған сияқты. «Алқаштан — алқаш туады деу — қате», «ешкімнің сөзіне мән берме», «тағдырың ғой», «талай кісіні танимын, әке-шешесі алқаш, ал балалары — мүлде арақ ішпейтін. Алқаштық қанмен берілмейді — ау» деген пікірлер көптеп жазылуда.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)