Дзюдошылар Олимпиада қарсаңында соңғы жаттығу жиынын өткізуде
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Францияда Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта дзюдошылар Францияның Мез қаласында арнайы бағдарлама негізінде Олимпиада ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр.
Отандық дзюдошылар арасынан алғаш болып Абиба Әбужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) татамиге шығады.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы ойындарға ел намысын 80 спортшы қорғайды.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?