Еркін күрестегі келеңсіз жағдай жағадан алып барады
Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Facebook желісіндегі ресми парақшасында күрестегі келеңсіз жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Еркін күресегі мына бір жағдайды естіп, жағамды ұстап отырмын. Нұрдәулет Селбеков есімді жас талантымызға қастындық жасалып жатыр. Жасөспірмдер арасында Азия чемпионатында екінші, Әлем чемпионатында үшінші орын алып, керемет жеңістерімен қуантып, жуырда ғана жастар арасына қосылған еді. Сол жастар арасында да Талдықорған қаласындағы іріктеу бәсекесінде 74 келіге дейінгілер арасында қарсылас шақ келтірмей, алдағы дүниежүзілік додаға қатысуға мүмкіндік алды. Керемет жетістік. Жанып тұрған бала.
Бірақ, күрес түрлеріне жауапты федерация, оның ішінде, бапкерлер құрамы әлемдік аламанға Нұрдәулетті емес, Дағыстаннан келген Мурат Джакуповты алып кеткісі келеді. Себебі түсініксіз. Нұрдәулет іріктеу бәсекесінің финалында әлгі келімсекті жеңді. Біздің баланың қолын көтерді. Енді әлем чемпионатына барам деп жігерленіп, бүкіл дайындығын соған бағыттап жатқан балуанға тағы да «прикидка» жасайық депті. Не үшін? Неге оның сағын сындырып, тауын шағасыздар? Жеңіп тұрған балаға «прикидка» не керек? Қазақтың осы қазаққа ғана әлі жетеді. Не үшін әлгі легионерді басқа көтересіздер? Неге өзіміздің қаракөз оның алында төмендеуі керек?
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Құзырлы федерация жағдайды толық баяндап, түсіндірме беруіңізді талап етемін. Одан кейін жастар арасында әлгі келімсек не істеп жүр?! Мемлекет басшысының өзі соңғы жолдауында осы мәселеге ерекше екпін жасап, арнайы тапсырма берді есеп пе?! Оның сіздерге қатысы жоқ па?! Әлде, оған қарсысыздар ма?! Онсыз да ересектер арасында ең көп легионерді осы күрес түрлерінен тарттық. Барлығы дерлік тиісті төлемдері мен сыйақыларын қалтаға басып, кейін өз елдеріне тайып тұрды. Неге содан сабақ алмаймыз? Енді ересектерді қойып, жастар арасына келімсек кіргізе бастадық па? Кімге керек бұл? Кім нақты жауапты? Әлде, қазақ балалары күресе алмай ма? Жоқ. Күреседі. Бірақ, мынадай тірліктер олардың жолын жабады. Ынтасын тұншықтырып, арманын өлтіреді. Осы жағдайдан федерация басшысы Дәулет Тұрлыханов та хабарлар дегенді естідім. Рас па? Дәулет мырза, не дейсіз? Не істейсіз? Қазақтың балалары, оның артында, жалпы қазақтың спорты әбден қор болды ғой», – деді Аслан Қаженов.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)