Диас Қален араға бір жыл салып алтын медалін қайтарып алды
Күрес түрлерінен ересектер арасында 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында күміс медальге қол жеткізген Диас Қаленге алтын медаль берілетін болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Өткен жылы грек-рим күресінен 82 кг салмақта белдесіп, финалда қырғыз балуанына есе жіберген Диас Қален араға уақыт салып чемпион атанып отыр. Елордада өткен Азия біріншілігінде Қырғызстан балуаны Ақылбек Талғатбековтен алынған допинг тесті оң нәтиже берді. Енді оның жетістігі жоққа шығарылып, Бірікккен күрес әлемі ұйымы классикалық күрес бойынша қазақ балуанын чемпион деп таныды.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)