Өзбек боксшысы жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл арқалады instagram/asadxoja.moydinxojayev. Суретте: Асадхужа Муйдинхужаев

Өзбек боксшысы президент берген автокөлікпен жүр

Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевқа жылдамдық асырғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Париж Олимпиадасының чемпионы атанған өзбекстандық боксшы Асадхужа Муйдинхужаев әлеуметтік желідегі парақшасында Өзбекстан президенті сыйға тартқан Chevrolet Tahoe көлігімен 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан видеосын жариялады.

"Әлеуметтік желіде Tahoe көлігінің жүргізушісінің жоғары жылдамдықпен (110 км/сағ) келе жатқаны бейнеленген видео тарағаннан кейін, Ташкент қаласы IIББ қызметкерлері 2001 жылы туған жүргізуші М.А.-ға қатысты Өзбекстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық іс-шара жүргізді", – делінген хабарламада.