Жансая Әбдімәлік неліктен шахмат Олимпиадасына қатыспады? (фото) ФИДЕ. Суретте: Жансая Әбдімәлік

Ол соңғы шахмат Олимпиадасында Қазақстан құрамасы сапында ойнамады

Атақты қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік не себепті Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында ел намысын қорғамағанын түсіндірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Себебі көп, бірақ оны жазу ұзақ (тек өзім қатысатын баспасөз конференциясын өткізуге болады). Тек айтарым – Қытайдағы командалық жарыстан кейін осындай шешім қабылдадым. Егер болашақта құрамаға қайта оралатын болсам, мүлде басқа ережелер мен келісімдер бойынша ғана қатысамын", - деді Жансая Әбдімәлік.

Айта кетейік, шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет Олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жеткен болатын.