«Астана» мен «Жеңіс» клубтары өзара мықтыны анықтайды
Кеше, 25 қыркүйекте Лига кубогының жартылай финалында отандық клубтар қарымта матчтарын өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Лига кубогының бірінші жартылай финалдық жұбында елордалық "Жеңіс" пен алматылық "Қайрат" клубтары кездесті. Жалпы есеп 2:2 болып, командалар өзара мықтыны пенальти сериясында анықтады. Пенальти сериясында "Жеңіс" клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Екінші жартылай финалдық жұпта елордалық "Астана" мен семейлік "Елімай" клубтары шеберлік байқасты. Екі ойынның қорытындысы бойынша қос клуб 0:0 есебін тіркеп, матч пенальти сериясына ұласты. Пенальти сериясында "Астана" клубы семейліктерден 3:1 есебімен басым түсіп, Лига кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, "Жеңіс" пен "Астана" арасындағы Лига кубоыгының финалдық матчы 24 қарашада өтеді. Бұл турнирде жеңімпаз атанған команда 1 миллион АҚШ долларын еншілейді.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)