«Футбол қалалары» жобасы көрерменге жол тартты
Қазақстан футбол федерациясының мұрындық болуымен тағы бір жоба көрермендерге жол тартты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Қазақстан футбол федерациясы YouTube желісіндегі ресми парақшасына "Футбол қалалары" жобасының алғашқы шығарылымын жариялады. Бұл жобаның алғашқы шығарылымын қазақ футболының отаны саналатын Семей қаласына арнаған. Аймақтағы футболдың дамуына жауапты адамдармен кең көлемді сұқбат, футболдың тарихы, болашақтағы қызықты жоспарлар жан-жақты айтылған бұл жоба көрерменді тәнті етері сөзсіз.
Жобаның мақсаты – еліміздегі әр өңірдегі футболдың даму қарқыны, жағдайы, тыныс-тіршілігін көрсетіп, көрерменнің футболға деген жылы көзқарасын қалыптастыру. Сондықтан жоба жетекшілері алғашқы шығарылымды еліміздегі футболдың бастау көзі саналатын Семей қаласына арнайды. Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов та Семей өңіріндегі футболдың дамуы жөнінде өз пікірін білдірді.
"Семей – қазақ футболының отаны. Соңғы екі жылда жанкүйерлерімізді қуантып жүр. Биыл мектеп лигасына 281 команда, 20 мыңнан астам оқушылар қатысып жатыр. Өңірде бұқаралық футболды дамытуға арналған алаңдар салынып жатыр. Соның біреуі – Аягөздегі стадионды қайта жөндеуден өткіздік. Сондай-ақ 12 мың көрерменге арналған жаңа стадион салу жоспарда тұр", - деді Әділет Барменқұлов.
1913 жылы Семей қаласында ерлер гимназиясы мен семинариясында алғашқы футбол клубтары құрылған болатын. Сол уақытта құрылған "Ярыш" клубының құрамында кейін әлемге әйгілі болған қаламгер Мұхтар Әуезов те ойнайды. Сондықтан да, Семей қаласын Қазақстандағы футболдың Отаны деп атауға толық негіз бар. 1912 жылы Мәскеу қаласынан Семейге Н.Куприянов деген адам атақты көпес өзімен бірге доп, сетка және спорттық бұйымдар әкеліп, футбол ойынына әуестік танытқан жастарды жаттықтыра бастайды. Сөйтіп 1913 жылы алғаш рет футбол командасы ұйымдастырылады. Семейде М. Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нигматуллин т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын "Ярыш" командасы құрылады.
Ал қазіргі таңда Семей өңірінде үлкен футболда ел біріншілігінде атой салып жүрген "Елімай", футзалда "Семей" клубтары бар. "Елімай" биылғы маусымда чемпиондыққа басты үміткер команданың бірі болса, "Семей" былтырғы жылы ел біріншілігінде топ жарды.
Қазақстан футбол федерациясы " Футбол қалалары" жобасын ел футболының астанасы саналатын Семей өңірінен бастауына да үлкен себеп бар екенін осыдан-ақ аңғарсақ болады. "Футбол қалалары" жобасының алғашқы шығарылымын ҚФФ-ның YouTube желісіндегі ресми парақшасынан көре аласыздар.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)